Инструкция / Работа в мобильном приложении / Профиль

Профиль

Демонстрация телефона

«Профиль» модуліне кіру арқылы Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді: аты-жөніңізді, электронды поштаңыз бен телефон нөміріңізді толтыра аласыз, сонымен қатар, қажет болған жағдайда, құпия сөзіңізді бастапқы қалпына келтіре аласыз.

Демонстрация телефона

«Бизнес туралы ақпарат» («Информация о бизнесе») қосалқы бөлімінде бизнесіңіздің логотибін жүктеп салуыңызға және коммерциялық ақпаратыңызды: бизнестің атауын, жұмыс телефонының нөмірін, компанияның мекенжайы мен БСН нөмірін көрсетуіңізге болады.

Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Товары / Общая информация

Тауарлар

«Тауарлар» («Товары») модуліне кіру арқылы тауарларды жүктей аласыз, оларды алып тастай және қадағалай аласыз.

Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Товары / Категория

Санат

«Санат» («Категория») бөлімінде жаңа санат қоса аласыз. Ең алдымен, экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Санат» түймесін басыңыз. Мұнда әрқайсысының атауын көрсете отырып, санат жасай аласыз. Санаттарды кез келген уақытта алып тастауға және редакциялауға болады.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Товары / Товары

Тауар

Сіз «Тауарлар» («Товары») модулінің «Тауарлар» («Товары») бөлімінен жаңа өнімдерді қоса аласыз. Ең алдымен, экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «+» түймесін басыңыз. «Тауарды қосу» («Добавить товар») жаңа терезесі ашылады.

Демонстрация телефона

Бұл қосалқы бөлімде сіз тауардың фотосуретін, атауын және сипаттамасын қоса аласыз. Өнімнің бағасы, жеңілдікті бағасы, ҚҚС құны мен мөлшерлемесі, сондай-ақ тауардың түрі, өндірушісі және санаты сияқты қосымша деректер де осы терезеде қолжетімді.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона

«Қойма» («Склад») бөлімінде жүйеге қордағы тауар санын қосып, «Стокты қадағалау» («Отслеживание стока») функциясын іске қосуыңызға болады. Сонымен қатар, жүйеге «SKU» (Қорларды сақтау бірлігі) мен «Бар Кодты» (Штрих-код) қосуыңызға болады.

Демонстрация телефона

Тауардың түсі немесе өлшемі сияқты параметрлері болса, «көп нұсқалы өнім» («мультивариантный продукт») функциясын іске қосуға болады.

Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Товары / Склад

Қойма

Сіз өзіңіздің қоймадағы қорларыңызды «Қойма» («Склад») бөлімінде бақылай аласыз. Сіз бұл терезеде қоймадағы қорларыңызды қарай аласыз, сондай-ақ тауарларды «стокта жоқ» (қоймада жоқ), «ең аз мөлшерде», «ең аз мөлшерден жоғары» (ең аз мөлшерден асатын мөлшер) және «сток тағайындалмады» (санаты белгіленбеген қорлар) сияқты әр түрлі айнымалылар бойынша сүзгілеуге болады. «Тауардың атауы» («Название товара») түймесін басу арқылы қорларыңыздың тарихын, сондай-ақ өнімдер қалдығын қарай аласыз.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Касса

Касса

«Касса» бөлімінде сіздің жүктеген барлық тауарларыңыз көрсетіледі. Сауда жасаудың алдында байланыс деректері кітабыңыздағы сатып алушыны тағайындауыңызға немесе жаңа байланыс дерегін қосуыңызға болады.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона

Сіз бар-кодты сканерлеу немесе кассада қолмен таңдау арқылы тауарды себетке қоса аласыз.

Демонстрация телефона

Әрі қарай тауарға жеңілдікті немесе ескертпені қосуыңызға болады.

Демонстрация телефона

Сіз тауарды резервке қоя аласыз немесе өзіңізге ыңғайлы төлем әдісін таңдап, ақысын бірден төлей аласыз.

Демонстрация телефона

Төлем сәтті өткеннен кейін электронды чек дайын болады.

Демонстрация телефона

Дайын электронды чекті кез келген ыңғайлы мессенджер арқылы сатып алушыға жіберуіңізге немесе сол жерде басып шығаруыңызға болады.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Заказы

Тапсырыстар

«Тапсырыстар» («Заказы») модулі дүкеніңізде қазіргі уақытта бар тапсырыстардың барлығын қамтиды.

Демонстрация телефона

Бұл тапсырыстар 2 санатқа бөлінеді: «Белсенді» («Активные») және «Аяқталған» («Завершенные») тапсырыстар. Сіз белсенді және орындалған тапсырыстарды «Тапсырыстар» («Заказы») модулінен қарай аласыз. «Белсенді» («Активные») тапсырыстар төлемнің әлі алынбағанын және бұл тапсырыстарды орындау үшін қосымша әрекеттердің қажет болатынын білдіреді. «Аяқталған» («Завершенные») тапсырыстар төлемнің алынғанын және тапсырыстың орындалғанын көрсетеді. Сіз сондай-ақ тапсырыстарды өнімнің атауы, бағасы және тапсырыс коды бойынша іздеуіңізге болады. (осы жерге кейінірек үш күй түрі бар жаңа скриндер қосылады)

Демонстрация телефона

Әр тапсырыста оның егжей-тегжейлі тарихы: тапсырыстың жасалу күні, сатып алушы, тапсырыс күйі және төлем күйі болады.

Демонстрация телефона

Сіз тапсырыс күйін басқара аласыз, белсенді және орындалған тапсырыстардан кез келген уақытта бас тарта аласыз, бас тартылған тапсырыстар «Талдама» («Аналитика») бөлімінен алынып тасталады. Бұл функция клиенттер ойларынан айнып, өнімді сатып алмау туралы шешім қабылдағанда немесе өнімді қайтарып беріп, Сіз төлемді қайтарғанда қолданылады, бұл жағдайда Сізге осы тапсырыстарды жою қажет болады.

Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Интернет-магазин / Общая информация

Интернет-дүкен

«Интернет-дүкен» («Интернет-магазин») модулінде Сіз өзіңіздің онлайн-каталогыңызды баптай аласыз. Сіздің сатып алушыларыңыз барлық тауарларды бір онлайн-каталогта көреді.

Демонстрация телефона

«Интернет-дүкен» («Интернет-магазин») бөліміне кіргенде, Сіз қолжетімді баптауларды көресіз. Онлайн-каталог жасау үшін автоматты түрде жасалған каталогты іске қосу қажет. Сіз сілтемені сатып алушыларыңызбен бөлісе аласыз немесе оны әлеуметтік желілеріңізге орната аласыз, сонда клиенттер екі рет басу арқылы сілтеме бойынша өтіп, тауарларыңызды көре алады. «Браузерде ашу» («Открыть в браузере») түймесі онлайн-каталогыңыздың қандай болып көрінетінін қарап көру мүмкіндігін береді.

Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Интернет-магазин / Информация о бизнесе

Бизнес туралы ақпарат

«Бизнес туралы ақпарат» бөлімінде өз логотибіңізді жүктеп салуыңызға, бизнестің атауын, жұмыс телефоныңыздың нөмірін, компанияның мекенжайы мен БСН нөмірін көрсетуіңізге болады.

Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Интернет-магазин / Варианты отображения

Көрсету нұсқалары

«Көрсету нұсқалары» бөлімінде онлайн-каталогыңыздың сатып алушыларға қалай көрінетінін баптауыңызға болады. Тауарлардың түсін, көрсетілу нұсқасын таңдаңыз және сатылымда болмаған кезде тауарлардың қалай көрсетілетінін анықтаңыз.

Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Интернет-магазин / Настройки заказа

Тапсырыс баптаулары

«Тапсырыс баптаулары» бөлімінде тапсырыстарыңыздың ағымдағы күйі көрсетіледі, Сіз оларды редакциялауыңызға, қосуыңызға және жоюыңызға болады.

Демонстрация телефона

Әрі қарай Сіз онлайн-каталогыңыз үшін тапсырыстардың жеке баптауларын жасай аласыз: мұнда онлайн-тапсырыстарды қабылдағыңыз келетін-келмейтінін әуел бастан таңдап, «Жеткізу» («Доставка») және «Өздігінен алып кету» («Самовывоз») функцияларын баптау, сондай-ақ «Тіркелусіз тапсырыс беру» («Заказ без регистрации») опциясын қосу немесе өшіру мүмкіндігі болады. Бұл Сіздің клиенттеріңізге тіркелмей-ақ, интернет-дүкеніңізде сауда жасау мүмкіндігін береді.

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Интернет-магазин / Социальные сети

Әлеуметтік желілер

Бұл бөлімде Сіз өзіңізбен байланысуды жеңілдету үшін бизнестің барлық өзекті ақпаратын көрсете аласыз. Жұмыс істеп тұрған WhatsApp, Instagram-дағы профиль атауы, аты-жөніңіз, сізге қалай хабарласуға болатыны туралы және клиенттер білуі тиіс кез келген маңызды ақпарат өрісі.

Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Покупатели

Сатып алушылар

«Сатып алушылар» («Покупатели») бөлімінде клиенттеріңіз туралы барлық дерекқор сақталады.

Демонстрация телефона

«Сатып алушылар» («Покупатели») бөлімінде Сіз оң жақ жоғарғы бұрыштағы «+» белгісін басып, жаңа клиенттерді қоса аласыз.

Демонстрация телефона

Жаңа терезеде барлық қажетті ақпаратты көрсетіп, байланыс дерегін жасауыңызға болады.

Демонстрация телефона

Байланыс дерегін қосқаннан кейін клиенттің атын басқанда, клиент картасына өтесіз. Сіз клиентке қоңырау шала аласыз немесе WhatsApp қосымшасына өту арқылы хабарлама жаза аласыз.

Демонстрация телефона

«Сатылымдар» («Продажи») қосалқы бөліміне өтіп, клиенттің сауда жасау тарихын көруіңізге болады.

Демонстрация телефона

Сіз қосқан барлық байланыс деректері жалпы тізімде көрсетіледі. Өзіңізге қажет байланыс дерегін «пайдаланушыларды іздеу» («поиск пользователей») бөлімінен таба аласыз.

Демонстрация телефона

Сонымен қатар, байланыс деректерін телефоныңыздағы байланыс деректерінен импорттауыңызға болады. Қосымшаға байланыс деректерін импорттау үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы нұсқары бар белгішені басу жеткілікті. Қосымша клиент ретінде қосу үшін байланыс деректеріңізге қолжетімділік беруді сұрайды.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Аналитика

Талдама

«Талдама» («Аналитика») модулінен Сіз өзіңіздің сатуларыңыз туралы егжей-тегжейлі ақпараттық панельді ала аласыз.

Демонстрация телефона

Мұнда Сіз «кіріс», «сатылымдар», «тапсырыстың орташа сомасы», «пайда», «ҚҚС», «Төлем әдістері», «Үздік тауарлар», «Үздік сатып алушылар», «Үздік сатушылар» сияқты негізгі KPI көрсеткіштерін экранда оңай талдай аласыз. Сондай-ақ экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы кез келген күндер диапазонының іріктемесін жасауыңызға болады.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона

Мұнда Сіз 9 KPI көрсеткішінің әрқайсысы туралы толық ақпаратты таба аласыз. «KPI» профилінде тиісті түймені басып, апта сайынғы, ай сайынғы және жыл сайынғы негізде деректерді көре аласыз.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона Демонстрация телефона Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Пользователи

Пайдаланушылар

Бұл бөлімде Сіз жаңа пайдаланушыны қоса аласыз немесе бизнесіңізді жалғыз өзіңіз басқармау үшін оған аккаунт жасай аласыз.

Демонстрация телефона

Оң жақ жоғарғы бұрыштағы «+» белгісін басып, жаңа пайдаланушыны қоса аласыз.

Демонстрация телефона

Мұнда Сізге жаңа пайдаланушының толық аты-жөнін, электронды адресін және ұялы телефонының нөмірін енгізу қажет.

Демонстрация телефона

Әрі қарай осы жерде жаңа пайдаланушыға құқықтар бере/шектей аласыз және олардың әрқайсысының сатылымдарын қадағалай аласыз.

Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Настройки

Баптаулар

Бұл бөлім жалпы баптауларды қамтиды.

Демонстрация телефона

Баптауларда әр бөлімнің баптауларын табуға болады.

Демонстрация телефона

«Төлем әдістері» («Методы оплаты») қосалқы бөлімінде қазіргі уақытта Сізге қолжетімді төлем әдістері көрсетіледі.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона

«Интеграциялар» Интеграциялар>Фискализация («Интеграции» Интеграции>Фискализация) қосалқы бөлімінде чектерді фискалдандыратын онлайн-кассаны қосу мүмкіндігі бар.

Демонстрация телефона Демонстрация телефона

Инструкция / Работа в мобильном приложении / Выплата на карту

Картаға төлеу

Демонстрация телефона

Бұл бөлімде жеке немесе заңды тұлғаның картасына төлем жасау мүмкіндігі бар. Жай ғана карта нөмірін, алушының аты-жөнін және қажетті соманы енгізіңіз.

Демонстрация телефона