Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Тауарлар / Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

«Тауарлар» («Товары») модуліне кіру арқылы тауарларды жүктей аласыз, оларды алып тастай және қадағалай аласыз.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Тауарлар / Санаттар

Санаттар

«Санат» («Категория») бөлімінде жаңа санат қоса аласыз. Ең алдымен, экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «+» түймесін басыңыз. Мұнда әрқайсысының атауын көрсете отырып, санат жасай аласыз. Санаттарды кез келген уақытта алып тастауға және редакциялауға болады. Сонымен қатар, іздеу жолағында өзіңізге қажет санатты таба аласыз.

Демонстрация телефона
Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Тауарлар / Тауарлар

Тауар

Сіз «Тауарлар» («Товары») модулінің «Тауарлар» («Товары») бөлімінен жаңа өнімдерді қоса аласыз. Ең алдымен, экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «+» түймесін басыңыз. «Тауарды қосу» («Добавить товар») жаңа терезесі ашылады.

Демонстрация телефона

«Тауар туралы» («О товаре») қосалқы бөлімінде Сіз тауардың фотосуретін, атауын және сипаттамасын қоса аласыз. Сонымен қатар, жүйеге «SKU» (Қорларды сақтау бірлігі) мен «Бар Кодты» (Штрих-код) қосуыңызға болады.

Демонстрация телефона

Оң жақ бұрышта «Тауарды онлайн-каталогта көрсету» («Показывать товар в онлайн-каталоге») функциясын іске қосуыңызға болады, бұл осы тауардың сіздің онлайн-дүкеніңізде көрсетілетінін білдіреді. Тауардың түрі, өндірушісі және санаты сияқты қосымша деректер «Қосымша» («Дополнительно») терезесінде қолжетімді болады.

Демонстрация телефона

«Қойма» («Склад») бөлімінде жүйеге қордағы тауар санын қосып, «Стокты қадағалау» («Отслеживание стока») функциясын іске қосуыңызға болады. Ал «Баға» («Цена») қосалқы бөлімінде тауардың нақты, жеңілдікті бағасы мен өзіндік құны көрсетіледі. Егер сіз барлық үш параметрді көрсетсеңіз, жүйе сатудан түсетін маржа мен пайданы автоматты түрде есептейді.

Демонстрация телефона

Тауардың түсі немесе өлшемі сияқты параметрлері болса, «көп нұсқалы өнім» («мультивариантный продукт») функциясын іске қосып, нұсқаларды қосуыңызға болады.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Тауарлар / Қойма

Қойма

Сіз өзіңіздің қоймадағы қорларыңызды «Қойма» («Склад») бөлімінде бақылай аласыз. Сіз бұл терезеде қоймадағы қорларыңызды қарай аласыз, сондай-ақ тауарларды «стокта жоқ» (қоймада жоқ), «ең аз мөлшерде», «ең аз мөлшерден жоғары» (ең аз мөлшерден асатын мөлшер) және «сток тағайындалмады» (санаты белгіленбеген қорлар) сияқты әр түрлі айнымалылар бойынша сүзгілеуге болады. «Тауардың атауы» («Название товара») түймесін басу арқылы қорларыңыздың тарихын, сондай-ақ өнімдер қалдығын қарай аласыз.

Демонстрация телефона
Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Касса / Жалпы ақпарат

Касса

Демонстрация телефона

«Касса» бөлімінде сіздің жүктеген барлық тауарларыңыз көрсетіледі. Сауда жасаудың алдында байланыс деректері кітабыңыздағы сатып алушыны тағайындауыңызға немесе жаңа байланыс дерегін қосуыңызға болады.

Демонстрация телефона

Кез келген қажетті тауарды және әрі қарай «себетке қосу» («добавить в корзину») түймесін басу арқылы тауарды себетке қоса аласыз.

Демонстрация телефона

Әрі қарай тауарға жеңілдікті немесе ескертпені қосуыңызға болады.

Демонстрация телефона

Сіз тауарды резервке қоя аласыз немесе өзіңізге ыңғайлы төлем әдісін таңдап, ақысын бірден төлей аласыз.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Касса / Чек

Чек

Төлем сәтті өткеннен кейін электронды чек дайын болады.

Демонстрация телефона

Дайын электронды чекті PDF форматында жүктеп алып, кез келген ыңғайлы мессенджер арқылы сатып алушыға жіберуіңізге немесе сол жерде басып шығаруыңызға болады.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Тапсырыстар

Тапсырыстар

«Тапсырыстар» («Заказы») модулі дүкеніңізде қазіргі уақытта бар тапсырыстардың барлығын қамтиды.

Демонстрация телефона

Бұл тапсырыстар 2 санатқа бөлінеді: «Белсенді» («Активные») және «Аяқталған» («Завершенные») тапсырыстар. Сіз белсенді және орындалған тапсырыстарды «Тапсырыстар» («Заказы») модулінен қарай аласыз. «Белсенді» («Активные») тапсырыстар төлемнің әлі алынбағанын және бұл тапсырыстарды орындау үшін қосымша әрекеттердің қажет болатынын білдіреді. «Аяқталған» («Завершенные») тапсырыстар төлемнің алынғанын және тапсырыстың орындалғанын көрсетеді. Сіз сондай-ақ тапсырыстарды өнімнің атауы, бағасы және тапсырыс коды бойынша іздеуіңізге болады. (осы жерге кейінірек үш күй түрі бар жаңа скриндер қосылады)

Демонстрация телефона

Әр тапсырыста оның егжей-тегжейлі тарихы: тапсырыстың жасалу күні, сатып алушы, тапсырыс күйі және төлем күйі болады.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Электронды коммерция / Жалпы ақпарат

Электронды коммерция

«Электронды коммерция» («Электронная коммерция») модулінде Сіз өзіңіздің онлайн-каталогыңызды баптай аласыз. Сіздің сатып алушыларыңыз барлық тауарларды бір онлайн-каталогта көреді.

Демонстрация телефона

«Электронды коммерция» («Электронная коммерция») бөліміне кіргенде, Сіз қолжетімді баптауларды көресіз. Онлайн-каталог жасау үшін автоматты түрде жасалған каталогты іске қосу қажет. Сіз сілтемені сатып алушыларыңызбен бөлісе аласыз немесе оны әлеуметтік желілеріңізге орната аласыз, сонда клиенттер екі рет басу арқылы сілтеме бойынша өтіп, тауарларыңызды көре алады. «Браузерде ашу» («Открыть в браузере») түймесі онлайн-каталогыңыздың қандай болып көрінетінін қарап көру мүмкіндігін береді.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Электронды коммерция / Көрсету нұсқалары

Көрсету нұсқалары

Көрсету нұсқалары «Көрсету нұсқалары» «Варианты отображения» бөлімінде онлайн-каталогыңыздың сатып алушыларға қалай көрінетінін баптауыңызға болады. Тауарлардың түсін, көрсетілу нұсқасын таңдаңыз және сатылымда болмаған кезде тауарлардың қалай көрсетілетінін анықтаңыз.

Демонстрация телефона
Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Электронды коммерция / Тапсырыс баптаулары

Тапсырыс баптаулары

Сіз онлайн-каталогыңыз үшін тапсырыстардың жеке баптауларын жасай аласыз: мұнда онлайн-тапсырыстарды қабылдағыңыз келетін-келмейтінін әуел бастан таңдап, «Жеткізу» («Доставка») және «Өздігінен алып кету» («Самовывоз») функцияларын баптау, сондай-ақ «Тіркелусіз тапсырыс беру» («Заказ без регистрации») опциясын қосу немесе өшіру мүмкіндігі болады. Бұл Сіздің клиенттеріңізге тіркелмей-ақ, интернет-дүкеніңізде сауда жасау мүмкіндігін береді.

Демонстрация телефона

«Тапсырыс баптаулары» («Настройки заказа») бөлімінде тапсырыстарыңыздың ағымдағы күйі көрсетіледі, Сіз оларды редакциялауыңызға, қосуыңызға және жоюыңызға болады.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Электронды коммерция / Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желілер

Бұл бөлімде Сіз өзіңізбен байланысуды жеңілдету үшін бизнестің барлық өзекті ақпаратын көрсете аласыз. Жұмыс істеп тұрған WhatsApp, Instagram-дағы профиль атауы, аты-жөніңіз, сізге қалай хабарласуға болатыны туралы және клиенттер білуі тиіс кез келген маңызды ақпарат өрісі.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Сатып алушылар

Сатып алушылар

«Сатып алушылар» («Покупатели») бөлімінде клиенттеріңіз туралы барлық дерекқор сақталады.

Демонстрация телефона

«Сатып алушылар» («Покупатели») бөлімінде Сіз оң жақ жоғарғы бұрыштағы «+» белгісін басып, жаңа клиенттерді қоса аласыз.

Демонстрация телефона

Жаңа терезеде барлық қажетті ақпаратты көрсетіп, байланыс дерегін жасауыңызға болады.

Демонстрация телефона

Барлық қосылған байланыс деректері жалпы тізімде көрсетіледі. Өзіңізге қажет байланыс дерегін «пайдаланушыларды іздеу» («поиск пользователей») бөлімінен таба аласыз.

Демонстрация телефона

Байланыс дерегін қосқаннан кейін клиенттің атын басқанда, клиент картасына өтесіз. Мұнда Сіз осы сатып алушының барлық саудаларын қадағалай аласыз.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Талдама

Талдама

«Талдама» («Аналитика») модулінен Сіз өзіңіздің сатуларыңыз туралы егжей-тегжейлі ақпараттық панельді ала аласыз.

Демонстрация телефона

Мұнда Сіз «кіріс», «сатылымдар», «тапсырыстың орташа сомасы», «пайда», «ҚҚС», «Төлем әдістері», «Үздік тауарлар», «Үздік сатып алушылар», «Үздік сатушылар» сияқты негізгі KPI көрсеткіштерін экранда оңай талдай аласыз. Сондай-ақ экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы кез келген күндер диапазонының іріктемесін жасауыңызға болады.

Демонстрация телефона
Демонстрация телефона

Мұнда Сіз 9 KPI көрсеткішінің әрқайсысы туралы толық ақпаратты таба аласыз. «KPI» профилінде тиісті түймені басып, апта сайынғы, ай сайынғы және жыл сайынғы негізде деректерді көре аласыз.

Демонстрация телефона
Демонстрация телефона
Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Қызметкерлер

Қызметкерлер

Бұл бөлімде Сіз жаңа пайдаланушыны қоса аласыз немесе бизнесіңізді жалғыз өзіңіз басқармау үшін оған аккаунт жасай аласыз.

Демонстрация телефона

Оң жақ жоғарғы бұрыштағы «+» белгісін басып, жаңа пайдаланушыны қоса аласыз.

Демонстрация телефона

Мұнда Сізге жаңа пайдаланушының толық аты-жөнін, электронды адресін және ұялы телефонының нөмірін енгізу қажет. Сонымен қатар, осы жерде жаңа пайдаланушыға құқықтар бере/шектей аласыз және олардың әрқайсысының сатылымдарын қадағалай аласыз.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Баптаулар / Жалпы ақпарат

Баптаулар

Бұл бөлім Бизнес-баптаулар (Бизнес-настройки), Төлем әдістері (Методы оплаты) және Интеграциялар (Интеграции) қосалқы бөлімдері бар жалпы баптауларды қамтиды.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Баптаулар / Бизнес-баптаулар

Бизнес-баптаулар

«Бизнес деректері» («Бизнес данные») қосалқы бөлімінде коммерциялық ақпаратты: бизнестің атауын, жұмыс телефонының нөмірін, компанияның мекенжайы мен БСН нөмірін көрсетуге болады. Ал «Басты фотосурет» («Главная фотография») бағанында өзіңіздің интернет-дүкеніңізде көрсетілетін бизнесіңіздің логотибін жүктеуіңізге болады. Тауарларыңыздың құнына ҚҚС қосуға немесе бұл функцияны өшіруге болады.

«Чек» қосалқы бөлімінде чектің, оның сыртқы түрі мен толтырылуының баптауын жасауға болады. Чекте сатып алушының деректері көрсетілетін функцияны қосуыңызға, тақырыбын белгілеуіңізге және чектің соңы қандай болатынын жазуыңызға болады.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Баптаулар / Төлем әдістері

Төлем әдістері

«Төлем әдістері» («Методы оплаты») қосалқы бөлімінде қазіргі уақытта Сізге қолжетімді төлем әдістері көрсетіледі.

Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Баптаулар / Интеграциялар

Интеграциялар

Интеграциялар>Фискализация («Интеграции» Интеграции>Фискализация) қосалқы бөлімінде чектерді фискалдандыратын онлайн-кассаны қосу мүмкіндігі бар.

Демонстрация телефона
Демонстрация телефона

Нұсқаулық / iBusiness веб нұсқасында жұмыс істеу / Картаға төлеу

Картаға төлеу

Демонстрация телефона

Бұл бөлімде жеке немесе заңды тұлғаның картасына төлем жасау мүмкіндігі бар. Жай ғана карта нөмірін, алушының аты-жөнін және қажетті соманы енгізіңіз.

Демонстрация телефона